19.03.2024, 17:00
Оқылды: 11

Ұлы дала қолөнері дәріптелді

Қазақ халқының зор мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтардың бірі – қолөнер. Бабаларымыздан қалған асыл мұраны жоғалтпай, әрі қарай дамыту – біздің парызымыз бен мақсатымыз.
image-19-03-24-01-59
Осыған орай Жаңақала аудандық мәдени демалыс орталығында «Ұлы дала қолөнері» атты мүгедектігі бар адамдар арасында қолөнер туындыларының ұлттық шығармашылық көрмесі өтті.
image-19-03-24-01-59-2
 Иә мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірге деген құлшынысы таңқалдырып, шабыт сыйлары анық. Аталмыш көрмеде Айман Валиева (Пятимар ауылдық округі), Гүлсая Жәрдемғалиева (Қырқопа ауылдық округі), Райхан Танауова (Қызылоба ауылдық округі), Гүлзия Исмағұлова (Көпжасар ауылдық округі), Гүлсара Құспанова (Бірлік ауылдық округі), сонымен қатар Жаңақала ауылынан Ардақ Төлегенова, Шолпан Мағзомова, Динара Жұматаева сынды өнерпаздар қатынасып, жиылған жұртшы түрлі тундыны бағалап, ақтан ауыз тиді. Мәдени демалыс орталығының өнерпаздары ән шашу тарту етіп, мерекелік көңіл күй сыйлады. Көрмені қорытындылау үшін аудандық ерікті мүгедектер қоғамының төрайымы Халила Қабекешқызы сөз алып, Наурыз мейрамымен құттықтап, ерекше дайындықпен ат салысқан барша туынды иесіне алғысхат пен сыйлық табыстады. 
image-19-03-24-01-59-3
Ақерке Мәлікқызы,
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале