11.08.2023, 8:13
Оқылды: 23

Ұлы халықтың – Ұлы Абайы 

Алдымен көрермендерге Ақерке Әділбекқызы ауданымыздың “Тәуелсіздік” саябағындағы Абай этно-ауылын таныстырды. Содан соң аудандық балалар кітапханасының ең кішкентай оқырманы Әсема Сейілханқызы Абайдың қара сөздерін оқыды.

image-10-08-23-11-30-10

Қали Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебінің шәкірттері Абайдың “Май түні” күйін халыққа тарту етті.

Кеш жүргізушілері Жұмашев Мерей мен Анита Қанатова жиналған қауыммен амандасып, оларға өткізіліп отырған шараның маңыздылығын жеткізді. Әрі қарай Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығыны әншісі Қуанышбек Айдарбеков “Көзімнің қарасы” әнін орындаса, аталмыш орталықтың әншісі Камила Жексенғалиева “Айттым сәлем Қаламқас” әнімен халық бойын тебірентті.

image-10-08-23-11-30-9

Ұлы ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін мәнерлеп айту жас ұрпақтың мақсаты болғандықтан, аудандық кітапхананың тұрақты оқырманы Римма Шынтемірқызы Абайдың он алтыншы қара сөзін оқыды.

image-10-08-23-11-30

Әрі қарай Болатбек Өтешқалиевтің жетекшілігімен Ерлан Сатыбаев, Нұржан Отарбаев, Нұрлан Хамзин және Болатбек Өтешқалиевтен құралған фольклорлықансамбль бас ақынның “Тор жорға” күйімен кешті қыздыра түсті. Артынша, Қали Жантілеуов атындағы балалар музыка мектебінің оқушысы Диана Жұмағалиева “Бойы бұлғаң” әнімен мерекелік шараны әсемеді.

image-10-08-23-11-30-1

Аудандық мәдени-демалыс орталықтың термешісі Сағынғалиев Бекқали Абайдың “Татянаның хаты” әнін шырқады.

image-10-08-23-11-30-2

Қазақтың үлкені болсын, жасы болсын Абай шығармасын білмейтіндері кемде-кем. Сол секілді ақынға арналған кеште өнер көрсетушілер де жас талғамады. Лунара Қанатованың жетекшілігімен үлгілі “Нұрбибі” би ансамблі “ Керуен құсы” биімен мерекенің сәнін келтірді.

image-10-08-23-11-30-4

Концерт соңын Ақерке Әділбекқызының орындауындағы “Желсіз түнде жарық ай” әнімен аяқтады.

Ұлттың ұраны болған тұлғаның атын асқақтатуда қалың елі қазағы ұлағатты мәдени шара өткізгені қуанып, мақтануға себеп.

image-10-08-23-11-30-10

Табиғат аясында тамылжыған әсем әуенмен, шымырлатып бойды алған күймен, мың бұралған бишелермен сәнделген қазақылықтың иісіне тоймай, келген көрермен бой сергітіп, ерекше есте қаларлықтай сәттерге куә болды.Осындай кештердің жалғасы бола берсін!

WhatsApp Image 2023-08-11 at 06.11.31

WhatsApp Image 2023-08-11 at 06.10.40

image-10-08-23-11-30-6
image-10-08-23-11-30-11

Жанна Миха, 

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале