19.02.2024, 17:45
Оқылды: 46

Ұлына ұрынған әке, қызына қарамаған ана...

Жәнібек ауданы әкімдігінде жасөспірімдер істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдоловтың төрағалығымен аталған комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.

427908702_946491667480508_8408606240336849950_n

Себеп - бір отбасындағы әкенің хайуандыққа баруы. Атын атап, түсін түстеп жазуға болар еді. Дегенмен бейкүнә балаларын ойлап, жалпы атап өткіміз келді. Ол ішімдікке салынып, әйелін, кішкентай қызын ұрған. Екінші рет отбасын құрған. Оның бірінші әйелі өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл жолы да сәбилердің анасының сау жері қалмаған.

- Тіпті есін жоғалтуға шақ қалған, - деді аудандық аурухана директорының орынбасары Ақжігіт Қалыбеков.

Мұны естіген біздер де жанымызды қоярға жер таппадық. Комиссия мүшелері аудандағы осыған ұқсас, яғни қыздарын қараусыз қалдырған аналарды, ішімдікке салынған әкелерді айтты. Жақсылық Каримоллаұлы:

- Адамға бергісіз іс-әрекет жасаған әке туралы естіп жай отыра алмадық. Кезектен тыс комиссия жиынын өткізуге тура келді. Комиссия мүшелерінің ұсыныстарын тыңдап, дәл осы жағдайды қалай шешу керектігін ақылдасамыз, - деді.

Біреу бір балаға зар, енді біреу бар баласын ұрады. Тамақ бермейді, қараусыз қалдырады, тіпті зәре құтын алады. Мұндайды қазақ «Еркек деген аттан садаға кеткір» дейді емес пе?! Еңбек етіп, отбасыларын асырайтын уақытта ащы судың соңынан ергендерге не айтуға болады? Олармен жұмыс та жүріп, жиын да өтіп жүр. Саналарына бермесе, өзгеріс күтуіміз бекер. Тек шырылдаған балаларын аяймыз...

Ақтілек Әлібекұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале