21.03.2023, 18:12
Оқылды: 33

Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз

Бүгін Казталов ауданы орталығындағы «Достық» саябағында қазақ халқының ұлттық мерекесі - Наурыз мейрамы ерекше ықыласпен атап өтілді. «Достық» саябағында таң сәріден ұлттық ойындар ойнатылып, әннен шашу шаылып, күй шертілді. Ұлттық өнерімізді дәріптеген бишілер мың бұрала билеп, ағайын ұлттық киімде қазақтың салт-дәстүрімен сәлемдесіп, насихаттады. Бірлік пен ынтымақтың жаршысы болған Наурыз мейрамына аудан әкімі Рүстем Зұлқашев қатысты.

20230321064218_IMG_8567

Жылдағы дәстүрге сай мерекелік концерттің шымылдығын жас күйшілер ашып, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары, білім беру ұйымдарының шәкірттерінің қатысуымен сахналандырылған арнайы қойылыммен жалғасын тапты. Киелі сахна төрінде күн мен түн, Қыдыр ата мен Ұмай ана, Наурыз аруы сындық қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкерлерінің бейнесі сахналанды. Мерекенің салтанатты ашылуында халыққа Наурыз көже ұсынылды. Аудан әкімі Рүстем Зұлқашев аудан халқын айтулы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, ауданымыздың бірқатар спортшыларын марапаттады.

20230321080317_IMG_8687

-Наурыз – береке мен бірліктің, ырыс пен ынтымақтың, татулық пен тұрақтылықтың бастауы. Биылғы жыл еліміз үшін, ауданымыз үшін табысты жылдардың бірі болды. Көктемде еріген қар суы әбігерге салғанымен, қиындықты еңсеріп, тасқынға тосқауыл қойдық. Судың молдығы мал азығының өнімді болуына септігін тигізеді. Күні кеше біз ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлауда өз таңдауымызды жасадық. Бұл елімізде жүргізіліп жатырған реформалардың заңды жалғасы болып табылады. Саяси науқанға аудан халқының да қосқан үлесі зор екендігін ерекше атап өткім келеді. Мен баршаңыздың Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке тілеймін. Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!, - деді аудан әкімі.

20230321063254_IMG_8534

Мереке қарсаңында еркін күрестен Қазақстан Республикасының күміс жүлдегерлері Әділбек Ерболатов, Айару Жасталап және еркін күрестен болашақ олимпиада жеңімпаздарының бапкері Мейрам Гиляжев аудан әкімінің алғыс хатымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, ауданымыздың спорт  жанашырлары, меценат Алмат Жұмағазиев, Дулат Рахматуллин, Абылайхан Шакуов сынды азаматтар ауданымыздың мақтанышы, пауэрлифтингтен ардагерлер арасында Азия чемпионы, ҚР-ның 6 дүркін жеңімпазы Айдын Елемесовке жүйрік тұлпар мінгізді. Салтанатты рәсімнен соң Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Галимов мерекені ұлықтаған бірқатар мекемені арнайы алғыс хаттармен марапаттады.

20230321070239_IMG_8604

20230321063702_IMG_8553

20230321063526_IMG_8545

20230321055956_IMG_8467

20230321064650_IMG_8574

20230321063852_IMG_8559

20230321070857_IMG_8616

Мереке ауданымыздың мәдениет саласы майталмандарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Аудан халқы «Асық ату», «Садақ ату», «Арқан тартыс», «Қой көтеру» сынды ұлттық спорт түрлерінен сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады. Бұл жолғы мейрамның ерекшелігі жарыстардың қатарына ауданымыздың қыз-келіншектері мен ақ жаулықты аналарымызға арналған «Құрт жасау», «Жүн түту», «Ұршық иіру» сынды ұлттық дәстүрімізді насихаттайтын байқаулар қосылды. Ойындар жеңімпаздары арнайы алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ал, мерекелік бағдарлама сойында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Nauryz party» өтті. Ұлттық лотореяда жеңімпаздар ақшалай сылықтарға ие болды. Ауданымыздың бірқатар мекемелері халқымыздың ұмыт қалып бара жатырған «Енші беру», «Ұрын бару» сынды дәстүрлерін жаңғыртып, сахналады.

 

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале