25.03.2024, 14:08
Оқылды: 32

Ұлыстың ұлы күнінде Жалпақтал ауылында спорттық жарыстар өтті

Кеше Жалпақтал ауылындағы Ишанғали Меңдіханов пен Бауыржан Момышұлы көшелерінде өткен Әз-Наурыз тойында спорттық ойындар бағдарламадан тыс қалмай, көше тұрғындарының үлкен-кішісі бірдей қатысқан спорттық шаралар ұйымдастарылды.

IMG-20240324-WA0040

Садақ ату, қол күресі(білектесу ерлер, әйелдер), қозы көтеру (оқушы балалар), арқан тарту (ерлер, әйелдер аралас), асық ату (мектеп жасындағы ұлдар мен қыздар) сынды спорт түрлерінен жүлдегерлер мен жеңімпаздар төмендегіше анықталды.

20240324115854_IMG_7538

Асық ату сайысы бойынша (7сыныпқа дейінгі ұлдар мен қыздар) І орынды Едірес Әлихан, ІІ орынды Ғилым Сұлтан, ІІІ орынды Құрманғазыұлы Нұралы иеленді.

І орын — Мұрадымова Әмина

ІІ орын — Құрманғазықызы Нарғыз

ІІІ орын — Наурызғали Аяла

Қозы көтеру сайысы бойынша (7 сыныпқа дейінгі ұлдар) І орын — Орынғали Назарға, ІІ орын — Беріков Ернұрға,   ІІІ орын — Сәкен Диасқа бұйырды.

Дартс бойынша (8-11 сынып аралығындағы ұлдар мен қыздар) І орынды Асқар Нұрлан, ІІ орынды Нәсіпқали Армат, ІІІ орынды Мұрадымов Асанәлі иеленді.

І орын — Қолғанатқызы Нурфая

ІІ орын Садыр Айкөркем

ІІІ орын Қолғанатқызы Мерей

Садақ ату сайысы бойынша І орын — Вологин Александрға, ІІ орын — Ғұсыман Әділбекке, ІІІ орын – Ероллин Қолғанатқа бұйырды.

Білектесу бойынша ерлер арасында І орын — Серікболсынов Серікке, ІІ орын — Темешов Тоқтарға, ІІІ орын — Мыңбаев Батырға бұйырды.

Әйелдер арасында І орынды Ермұханова Райхан, ІІ орынды Қарабалина Анар, ІІІ орынды Мұқаналиева Мархабат иеленді.

Арқан тарту сайысы бойынша (ерлер мен әйелдер аралас) І орынға — Барыс командасы, ІІ орынға — Арлан командасы, ІІІ орынға — Батыр командасы лайық деп танылды.

Жеңімпаз, жүлдегерлер дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

Қыдыр Харесұлы, 

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале