28.12.2020, 9:43
Оқылды: 27

Үміткер еңбек ардагерімен пікір алмасты

Шыңғырлау аудандық мәслихаты депутаттығына үміткердің бірі Галина Волкогон алдағы келе жатқан Мәжіліске және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттар сайлауы алдында ауданға белгілі азамат, еңбек ардагері, білім саласының үздігі Бақытжан Сапаровпен кездесті.

волко

Алдағы үлкен науқанда партияның бағдарламасында атап көрсетілген бірнеше басым бағыттардың сәтті асырылуы жөнінде «Nur Otan» партиясы тарапынан атқарылмақ жұмыстар төңірегінде, тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның қол жеткізген негізгі жетістіктері туралы егжей-тегжейлі пікір алмасты.

- Осы жылдар белесінде халықаралық деңгейде шекарамызды бекіттік, этносаралық бірлік пен діни келісім орнағаны да басты байлығымыз тыныштық екендігін айқындай түседі. Нарықтық экономика дамып, бизнес саласының құлаш жаюы, дағдарысты еңсеріп, импорттаушы елден экспорттаушы елге айналып келе жатқанымыз да партияның дұрыс саясатының белгісі, - дейді Бақытжан Сапарұлы кандидатпен әңгімесінде.

Білім саласында жаңашыл бастамаларды қолдаушы ардагер ұстаз бүгінгі жас ұрпақ білім алуы үшін ешбір кедергі болмауы тиіс дейді. Сол себепті де ауылшаруашылығы мамандарын даярлайтын кәсіби бағыттағы колледждерде студенттердің шәкіртақысының көбеюін, жоғары оқу орындарында да осындай қолдаулардың да дұрыстығына келісетіндігін айтты.

Ел бірлігін, ұрпақтар амандығын тілеп жүретін ардагер үміткер Г.Волкогонға сәттілік тілеп, ел үшін маңызды күні өзі де, отбасы мүшелері де сайлауда партияға дауыс беретіндігін жеткізді.

Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале