18.05.2021, 18:09
Оқылды: 120

Ұрпақ алдындағы борыш

Отбасылық құндылықтар, ата-ана және бала құқықтары мемлекетімізбен заң аясында қорғалады. Конституцияға сәйкес балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті. Алайда соңғы жылдары қоғамымызда «көкек әкелердің» көбейгені жасырын емес. Жауапсыз әкелер туған баласын тағдыр тәлкегіне тастап, кәмелетке толмаған балаларды асырауға байланысты сот шешімін орындаудан бас тартуда. Әрине, алименттің балаға әке болмасы анық, дегенмен онық өсіп-өнуі үшін материалдық ресурстың қажет екендігі сөзсіз.

ал

Еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында құқық қорғау органдарына ана мен баланың құқығын қорғауға бағытталған шараларды пәрменді түрде жүргізу міндеті жүктелген. Осыған орай, прокуратура құқық қорғау жүйесінің өзегі бола тұра, алимент өндіру туралы сот актілерінің орындалуына жауапты құзырлы, құқық қорғау органдардың жұмысын үйлестіреді.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Заңның 138-бабының 1-тармағына сәйкес ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға міндетті.

Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелердің мәліметіне сәйкес Бөрлі ауданы бойынша 725 кәмелетке толмағанның мүддесіне 508 атқарушылық өндіріс бар, оның 627 баланың мүддесіне 444 өндіріс тұрақты орындалуда. Ал қалған 64-і алимент төлеуден жалтарып жүргендердің қатарында.

Аталған санаттағы борышкерлерден оның мүлкінің, қандай да бір кіріс көзінің болмауы кедергі келтіреді. Сол себепті ең алдымен борышкерлерді жұмыс орындарымен қамтамасыз етілуіне орасан зор көңіл бөлінеді.

Аталған бағытта жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, мемлекеттік бағдарламалар аясында борышкерлерді жұмысқа орналастыру жүргізіледі.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың өткен мерізімінде «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы», «Еңбек», «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламалар аясында 31 борышкер жұмыспен қамту орталығына жүгініп, оның 5 тұрақты жұмысқа орналасты.

Бір борышкер қысқа мерзімді оқу курсына жазылса, тағы біреуі «Бизнес бастау» курсына жазылып оқуда. Бұған қарамастан кейбір борышкерлермен жұмысқа орналасу бойынша шаралар қабылданбай, алмент төлеуден қасақана бас тартуда. Бұндай жағдайда олар заңмен көзделген әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 669-бабына сәйкес сот шешімін немесе өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделген. Аталған бап бойынша жыл басынан бері 5 борышкер, ал 2020 жылы 17 жалтарып жүрген борышкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, биыл 15 наурызда аудандық соттың қаулысымен Ш. есімді азамат кінәлі деп танылып, 3 тәулікке қамауға алынды.

Сот қаулысына сәйкес ол 2019 жылдан бері алимент төлемеген, борыш соммасы 1 млн.нан астам. болған. Сот барысында ол жұмыссыз болғанын, жұмысқа орналасу бойынша шара қабылдамағанын, бұл үшін өкінетінін алға тартты. Аталған әрекеті үшін сотпен ол кінәлі деп танылып, 3 тәулікке қамауға алынды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабында балаларды күтіп-бағуға ақы төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Осы бап бойынша 2020 жылы Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен азамат С. кінәлі деп танылып, 300 (үш жүз) сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қазіргі уақытта 3 қасқкөй борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аудандық Полиция бөлімінде тергелуде.

Аталған тұлғаларда қатысты кінәсі анықталған жағдайда, оларға қатысты алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бұдан басқа, прокурорлық ден қою актілерінің бірі – заңды түсіндіру болып табылады. Заңды түсіндіру мақсатында аудан прокуратурасымен БАҚ-қа 10 мақала, 2 сұқбат, аудан аумағында 2 баннер мен тұрғындардың көп шоғырланатын жерлеріне 30-дан астам парақша орналастырылды.

Сонымен қатар борышкерлердің жеке сот орындаушылардан жасырып жүрген мүліктерін анықтау мақсатында, уәкілетті және мемлекеттік органдарға тиісті рейдтік жұмыстарын жүргізу туралы нұсқау беріледі.

2020 жылы аудандық Полиция және жеке сот орындаушыларымен бірлескен рейдтік шаралардың нәтижесінде 2 борышкердің жылжымалы мүлкі анықталып, аталған мүліктер өндіріп алушының пайдасына берілді.

Мысалы, 2017 жылдан бері Б. есімді азаматтың алимент бойынша борышкер, борыш соммасы 1 млн.теңгеден астам. 2020 жылы қыркүйек айында әкімшілік жауаптылыққа тартылып, қамауға алынды. Иелігінде жылжымалы мүлік тіркелген, алайда оны бермеу мақсатында жасырып келген.

Рейдтік шаралар барысында оның мүлкінің орналасқан жері белгілі болды. Нәтижесінде жылжымалы мүлік өндіріп алушының иелігіне беріліп, борыш толығымен өтеліп, өндіріс тоқтатылды.

Бөрлі ауданының прокуратурасы алимент бойынша борышкерлерді өндірістерді уақытылы орындауға, сондай-ақ алимент бойынша берешекті өтеу бойынша шаралар қабылдауға шақырады. Алимент төлемеген жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туындайтынын еске салады.

 

Алмагуль Ибрашева,

Бөрлі ауданы прокуратурасының прокуроры

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале