18.03.2022, 10:00
Оқылды: 31

Үш күміс, бір алтын

2007-2008 жылдары туған және одан да кіші жастағы жасөспірім палуандар Жаңақала топырағында бас қосып, қазақ күресінен облыс чемпионатының жүлделерін сарапқа салды.

Screenshot_20220318-093146_Instagram

Өңірдің үздік деген жасөспірім палуандарының бәсекесінде бәйтеректік боз кілем шеберлері де бой көрсетті. Нәтиже де жаман емес. Ауданның жас палуандары үш күміс, бір алтын медаль еншіледі.

Күміс  медаль аса ауыр салмақта белдескен Әлішер Қайырлы, 70 келіде боз кілемге шыққан Дияс Мақсот және 55 келі палуандар бәсекесінің көркін қыздырған Алдияр Елеусінге бұйырса, 50 келі салмақта өнер көрсеткен Дамир Адиятоллаев қарсыластарын қоғадай жапырып, облыс чемпионы атағына қол жеткізді.

-Жалпы бұл чемпионаттағы көрсеткіш жаман емес. Енді үздіктер ел чемпионатында облыс намысын қорғайтын болады. Бапкерлерге дайындық күшейту туралы тапсырма берілді. Ел біріншілігінен жүлде болады деген үміттеміз,- дейді Бәйтерек аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Медет Оңдағанов.

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале