25.07.2022, 17:00
Оқылды: 50

Үшемдердің жағдайы қалыпты

Бұдан бұрын газетте хабарланғанындай, Жәнібек ауылының тұрғыны Елдос Сағадатовтың отбасында үшем дүниеге келген болатын. Облыстық перинаталдық орталықта үш аптаға жуық уақыт болған нәрестелер салмақ қосып, үйге оралды. Аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев үшемдерді арнайы барып құттықтап, сый-сияпат ұсынды.

IMG_7202

Көйлек тігерлердің бауы берік болып, аман-есен өсіп, ата-аналарына көмекші болуларына тілектестігін білдірді. Ал аудандық білім беру бөлімінің басшысы Бағида Сарбалина жылы лебізін білдіріп, аудандық кәсіподақ ұйымының атынан жүз мың теңге қаржылай сыйлықты табыс етті.

IMG_7203

-Үшемдердің де, өзімнің де жағдайым қалыпты.  Перзентханадан шығар кезде Әмина 2700, Мәдина 2900, ал Рамина 2000 грамм салмақ құрады. Әзірге үшемдерді салмағына қарай ажыратамыз, - деді көпбалалы ана Ақмарал Жұмазова бізбен тілдескенде.

IMG_7206

IMG_7210

Лаура Қайратқызы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале