23.09.2022, 13:01
Оқылды: 90

Ұстаздар арасындағы додалы сайыс

Бүгін Жаңақала аудандық білім беру бөлімі және аудандық «Jastar» спорт клубының ұйымдастыруымен ұстаздар күні мерекесіне арналған мұғалімдер арасында аудандық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті. 

adb29f73-c558-4934-a3b0-9ff63bb76dee

Жарысқа аудан орталығы мен ауылдық округтерден мектеп командалары және жас туристер станциясы, Жаңақала колледжі, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі – барлығы 16 команда бақ сынасады. Спартакиаданың ашылу салтанатына аудан әкімі Дархан Закарин, ауылдық округ әкімі Ақан Қапанов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данял Танзенов, білім беру бөлімінің басшысы Руслан Ғұмаров, «Jastar» спорт клубының директоры Жанболат Гумаров, аудандық білім беру қызметінің кәсіподақ төрағасы Жастілек Жақияұлы және ардагер ұстаздар Сансызбай Мырзашев, Есенғали Бисекешов, Марат Есмағұлов, Нұржан Бердіғалиев қатысты.

d1be02de-c04a-493d-94f0-b08dda2db3fd

Аудан әкімі Д.Әмірханұлы спорт ардагерлеріне құттықтау хатын табыс етіп, жарысқа қатысқалы тұрған командаларға сәттілік тіледі.

bdeef526-a6a3-4fb6-b8c5-b46560a04d83

Спартакиаданың ашылу салтанаты аяқталысымен сайысқа қатысушылар шашка, шахмат, волейбол және асық ату спорт түрлерінен бәсекелі жарысты бастап кетті.

236ea657-6962-4de4-8d6a-5bf28d501136

Бірнеше спорт ойындарынан тұратын спартакиаданың екінші кезеңі 30 қыркүйекте жалғасын табады.

Нұргүл Елтайқызы,

Жаңақала ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале