7.05.2025, 15:30
Оқылды: 143

Ұстаздардың облыстық семинары Жәнібек ауданында өтті

«Оқытудың тиімді тәсілдері мен инновациялық технологиялары» осындай тақырыппен күні кеше Ғ.Абдуллин атындағы орта мектебінде облыстық семинар өтті.

image-07-05-25-10-25-10

Тірек және шағын жинақты мектептерде жекелеген пәндерді оқытуда инновациялық әдістер мен жаңа технологияларды енгізу арқылы білім беру сапасын арттыру негізгі мақсаты болған облыстық семинарға облысқа қарасты 12 аудандық білім беру бөлімінің әдіскері мен шағын жинақты мектеп педагогтері қатысты.

image-07-05-25-10-25-5

Келген педагогтер мен білім саласының мамандарына жаңа цифрлы оқыту тәсілдерін таныстыру және инновациялық құралдарды тиімді пайдалану жолдарын көрсеткен, берері мол жиынның ашылу салтанатында аудандық білім беру бөлімінің басшысы Асхат Молдағалиев пен семинарды ұйымдастырушы мектеп директоры келушілерге “қош келдіңіз” айтып, ұстаздар қауымының кәсіби қоры толығады деген сенімде екендігін жеткізді.

Әрмен қарай мектептің білікті психологы Назерке Қадырова жағымды атмосфера қалыптастыру мақсатындағы тренинг ұйымдастыру арқылы келушілерге жылы шырай танытты. Семинардың салтанатты ашылу шарасынан соң физика, математика, химия, биология пәндерінен маңыздылығы жоғары деген тақырыптар таңдалып, ашық сабақтары мен семинар тақырыбы аясында шеберлік сыныптар шеруі өтті.

image-07-05-25-10-25-9

Шеруден соң қонақтармен “Жасыл үміт аллеясы” тақырыбы аясында теректер отырғызылып, елуден аса білім саласы қызметкерлерінің басын қосқан шара “Дарынды елдің дархан рухы” атты мерекелік концертпен қорытындыланды.

image-07-05-25-10-25-6

Арай Сейфолла

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале