27.08.2021, 16:24
Оқылды: 55

Үстел теннисінен аудан біріншілігі өтті

27 тамызда Қаратөбе ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Конституция күніне орай үстел теннисінен аудан біріншілігі өтті.

 1111

Аталмыш шараның ашылу салтанатында аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев, спорт ардагері Мағзом Есендосов сөз сөйлеп, үстел теннисіне қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.

Үстел теннисінен аудан біріншілігіне аудан орталығынан және ауылдық  округтерден спортшылар қатысты.

Қаратөбе мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бауыржан Шүрмен сап түзеген теннисшілерді жарыстың ережелерімен таныстырды.

3333

– Бұқаралық спортты кеңінен насихаттау – бүгінгі күннің талабы. Осы бағытта біздің ауданда біраз игі істер атқарылуда. Спорт алаңдары салынып, «Қаратөбе» спорт клубы жанынан дене шынықтыру жаттығуларын жасауға қолайлы фитнес орталығы ашылды. Бүгін зәулім де келісті спорт залында үстел теннисінен аудан біріншілігі өтуде. Аудан спорты жақсы деңгейден көрініп келеді. Оның нәтижесі – ауданнан әлем және Азия чемпионының шығуы. Бұл біз үшін зор мақтаныш. Осындай жетістіктеріміз көбейе берсін! Бүгінгі үстел теннисіне қатысушыларға сәттілік серік болсын! - деді ардагер спортшы Мағзом Есендосов.

2222

Жарыс қорытындысында жүлделі І орынды Бауыржан Шүрмен жеңіп алса, Досымхан Хамидуллин ІІ орынды иеленді. Ал ІІІ орын аққозылық Жасұлан Жүсібәлиевке бұйырды. Жеңімпаздарға медальдар мен дипломдар табысталды.

Біріншіліктің«Көрермен көзайымы» аталымын қаратөбелік Сәлмен Сұлтан, «Жас ойыншы» аталымын Әли Кәрімов иемденіп, дипломдармен марапатталды.

 

                                                                     Ерболат Райсов,

                                                                       Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале