19.05.2023, 10:16
Оқылды: 13

"Үздік ауылдық округке" автокөлік беріледі

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында ауылдық округ әкімдерінің тікелей лауазымдық нұсқаулықтарының орындалуына тұрғындар да өз септігін тигізетін болды.

737376ee-17d3-4766-ac1d-882baa63d172

Себебі бағалау қорытындысы бойынша үздік деп танылған ауылдарға бюджеттен қосымша қаржы беріледі. Өз ауылының жай-жағдайына немқұрайлы қарамайтын әр тұрғын мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына үлес қосады деп сенеміз.

Бұл мақсатта Казталов ауданының әкімі Асыланбек Сарқұловтың арнайы нақты 35 бағытты белгілеген өкімі де шықты.
Бағаланатын көрсеткіштердің қатарына: жұмыссыздар санын азайту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздарды кәсіптік оқуға жіберу, грант алушылар санын артттыру, жергілікті жерге инвестиция тарту, ауылшаруашылығы жерлерін дұрыс мақсатта пайдалану, «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылуы, ұжымдық бау-бақша егу жұмысы, округтің салықтық түсімін ұлғайту сынды жұмыстар енгізілген.

Округ әкімдерін бағалаудың мақсаты - ауылдарды дамыту бағыттарын, ауылда өмір сүру сапасын жақсарту және халықтың әл-ауқатын арттыру.

Қызметін мінсіз атқарып, жоғары көрсеткіш көрсеткен алғашқы үш ауылдық округке аудан бюджетінен қосымша қаражат бөлініп автокөлік, 10 млн теңге және 5 млн теңге беріледі.

Берілген қаражат қандай қажеттілікке жұмсалатыны жергілікті қауымдастық отырысында анықталады.

"Ауыл айнасы"

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале