15.12.2021, 11:20
Оқылды: 86

Үздік жастарға марапат

Бүгін Қаратөбе аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Алаш және Қайыржан Хасанов атындағы өлкетану музейінде аудан көлемінде мемлекеттік жастар саясатының дамуына, қоғамның саяси өміріне белсене араласып, әр сала бойынша өз мамандығының үздік жас азамат пен азаматшаларына арналған «Жыл үздігі – 2021» аудандық жастар премиясы өтті.
73272B4D-29B7-44AA-9C55-BA30114AC29E

Шара жас әнші Айзат Айдосұлының «Сұлу қызы Қаратөбенің» атты әнімен бастау алды. Белсенді жастардың басын қосқан шарада аудан әкімі Қадыржан Сұйеуғалиев құттықтау сөз сөйлеп, үздіктерді марапаттады.

Үздіктер анықталған жиында «Үздік жас ұстаз» аталымы бойынша Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі Лунара Жоламанова, «Үздік жас спортшы» аталымымен Айдарбек Амантаев, «Үздік жас тәрбиеші» аталымымен Жұмагүл Тұрсынғалиқызы, «Үздік жас мәдениет қызметкері» аталымымен Еркебұлан Бекболатұлы, «Үздік жас кәсіпкер» аталымымен Амандық Елтайұлы, «Үздік жас полиция» аталымымен  Әсем Қайратқызы, «Үздік жас волонтер» аталымымен Шахназ Жақсылыққызы марапатталды.

CEF7CDD9-CC15-4C5B-95D3-2E5F287AF53D

Аталған шара Нұрқанат Жәнібековтың орындауында «Қазақстан» әнімен жалғасты. Сонымен қатар ауданның бетке ұстар азаматы, облыстық, республикалық «Жомарт жүрек» премиясының «Туған өлке» аталымының иегері Ержан Қайыржанұлы құттықтау сөз сөйлеп, жастарға сәттілік тіледі.

 Халила Мұхтарқызы,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале