11.07.2017, 11:38
Оқылды: 52

Үздіктер анықталды

Bokei shashka   Бөкей Ордасы ауданында үстел теннисі, дойбы, шахмат сынды спорт түрлерінен жарыс оздырылды.

    Аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева жарысқа қатысушыларға ақжол айтып, жиналғандарға мерекелік лебізін жеткізді. Ардагер спортшы Елдос Кенжеғалиев барша ауыл тұрғындарының бас амандығын тілеп, мейраммен құттықтады. Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Мейрамбек Ғиылманов жарыс ережесімен таныстырды.


   Қолдың ептілігі мен дененің икемділігін, шапшаңдықты талап ететін үстел теннисіне қатысушылар екі топқа бөлініп, сынға түсті. Бірінші кезеңнен сүрінбей өткендер финалдық сында бақ сынасты. Осынау сайыс қорытындысында Б.Қонақбаев жеңімпаз атанса, тиісінше ІІ, ІІІ орындар Т.Ғиылманов пен Н.Ғазезовтың қанжығасына байланды.

    Ал, шахмат ойынында қос зейнеткер Е.Кенжеғалиев пен К.Сүндетов І, ІІ орындарды еншілесе, С.Есқалиев ІІІ жүлдені місе тұтты. Дойбышылар арасында М.Ғалымов І, М.Бектасов ІІ, Н.Ишанов ІІІ орындарды иеленді.

         Кеш соңында Мейрамбек Мүдірісұлы үздіктерді марапаттап, сыйлықтар табыстады.

Әділет ӘЗІЛХАНҰЛЫ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале