23.08.2026, 15:30
Оқылды: 9

Ұжым болып дауыс берді

Бүгін «Қаз Сервис» ЖШС мен Коммухоз мекемесінің қызметкерлері ұйымшылдық пен азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті. Ұжым мүшелері бір кісідей  №332 сайлау  учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
image-23-08-26-03-24
Бұл – ел тағдырына бейжай қарамайтын, қоғамдық өмірге белсене араласатын азаматтардың жауапты ұстанымының айқын көрінісі. Әрбір қызметкердің өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты маңызды шешімге үн қосуы – азаматтық парыз бен елжандылықтың белгісі.
image-23-08-26-03-23
Ұжым болып дауыс беру – ең алдымен, өзара ынтымақ пен ортақ жауапкершіліктің көрінісі. Мұндай ауызбіршілік қоғамдағы тұрақтылық пен өзара сенімді нығайтып, елдік мақсат жолындағы татулықтың маңызын айшықтай түседі.
Ел болашағы шешілетін маңызды сәтте ұйым қызметкерлерінің бірлігін танытып, азаматтық белсенділік көрсетуі – кейінгі ұрпаққа өнеге боларлық игі бастама. Бұл олардың туған елдің ертеңіне деген сенімі мен жауапкершілігін аңғартады.
image-23-08-26-03-24-2
Осындай елдік іске деген белсенділік пен ұйымшылдық – қоғамның берекесін арттырып, бірлігімізді бекемдей түсетін құндылық. Бір мақсат жолында жұмыла білген әрбір ұжымның бұл әрекеті – азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі.
Гулмира Мақанова
Тасқала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале