28.05.2025, 11:00
Оқылды: 342

Ұжым болып көкөніс екті

Шыңғырлау ауданында өзін-өзі көкөніспен қамтамасыз етіп, бау-бақша салам деушілерге үлкен қолдау бар. Жуырда Шыңғырлау ауылдық округінің ұжымы жергілікті өнім үлесін арттыру мақсатында берілген 1 гектар учаскелік жердің  0,5 гектарына картоп дақылын екті. 

Изображение WhatsApp 2025-05-27 в 16.04.54_3c09eb98

Алдағы уақытта 0,2 гектарына жуа, 0,1 гектарына қызылша, 0,1 гектарына сәбіз, 0,1 гектарға қырыққабат егу жоспарлануда. Бақша тамшылата суару жүйесіне қосылатын болады.

Изображение WhatsApp 2025-05-27 в 16.04.16_cb5765e6

Бұл қолға алынған ұжымдық бақша қазіргідей қымбатшылық кезде өзін-өзі әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөністермен  қамтамасыз етуге үлкен мүмкіндік  бермек.

Аслан Аманбаев,

Шыңғырлау ауылдық округінің бас маманы

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале