20.11.2022, 8:39
Оқылды: 36

Ұжымдар да сайлауға үн қосты

Бүгінгі ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ауа райының қолайсыздығына қарамастан өз таңдауларын жасап жатырған халық қатары артуда. Қатарында ұжым болып, өз таңдауларын жасап жатырған азаматтар да бар. Мәселен, Казталов аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының ұжымы №219 сайлау учаскесінде болып, өздері қалаған кандидатқа дауыс берді.

20221120023218_IMG_9581

Эльмира Кәрімқызы бастаған ұжым өз бірліктерін көрсетіп, сайлауға ұжымдық көзқарастарын танытты.

- Сайлауда әркімнің дауысы маңызды. Біз ұжым болып еліміздегі саяси реформаларды, саяси науқандарды қолдаймыз. Себебі, бүгінгі сайлау ел болашағына жол ашады десек, саяси науқаннан қапы қалмай өз таңдауымызды жасауымыз керек, - дейді бірлігі жарасқан ұжым.

Асылбек Нәсіпқали, 

Казталов ауданы 

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале