21.06.2023, 11:15
Оқылды: 9

Ұжымдық жұмыс қолға алынды

Шыңғырлау ауданында бос жатқан жерді тиімді пайдалану және жергілікті өнім үлесін арттыру мақсатында алғаш рет ұжымдық бау-бақша егу қолға алынды. Округ әкімшілігі Елек өзенінің жағалауынан бір гектар жерді жырттырып, тырмалатып алдын ала дайындау жұмысы жүргізілді.

фото Ұжым

Игі іске барлық мекеме ұжымы атсалысып, Ақсай қаласынан  әкелінген 1 тонна картоп тұқымын егу арнайы техника арқылы жүзеге асырылды.

Күтіп-баптауы келіскен өнімнен жоғары нәтиже күтуге болатыны белгілі. Осыған орай, округ әкімшілігі 3 су сору  (насос) құрылғысын орнатпақ.

Әр мекеме  ұжымы өздеріне бөлінген картоп алқабын округ әкімшілігі бекіткен кестеге сай суарып, уақтылы арам шөптерден тазалап отырса жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады деп сенеміз.

Нұрбек Таужанов,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале