5.11.2018, 15:51
Оқылды: 79

Ұзынкөл ауылы ауыз сумен қамтылмақ

Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламанов Ұзынкөл ауылына барды. Округ әкімі Мақсот Мурзакаев аудан басшысын қарсылап, Барбастау өзеніндегі су қоймасын көрсетті.

terekti (1)

Одан кейінгі бағыт – «Бүлдіршін» балабақшасы. 40 орындық мекеме 2008 жылы пайдалануға берілген. Кішкентай теректіліктердің жағдайы жақсы. Оларды 7 тәрбиеші жіті қадағалап, мектепке дейінгі тәрбиені жақсы деңгейде беруге тырысуда.

         Ұзынкөл мектебі 1985 салынып, одан кейін күрделі жөндеу көрмеген. Білім ошағында 128 бала білім алып жатыр. Оның 78-і ыстық тамақпен қамтылған. Аудан әкімі мектепті аралап, ұстаздармен тілдесті.

         Ұзынкөлдіктер үшін басты жаңалық – ауылға таза ауыз судың келетіні. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының «Ақбұлақ» бағыты арқылы жүзеге асатын бұл игі іс республикалық бюджеттен қаржыландырылады. 2019 жылдың мамыр айында аяқталатын жұмысқа 144 млн. 431 мың теңге ақша бөлінген. Мердігер ретінде «ҚазҚұрылыс Сервис» ЖШС танылып, 222 аулаға таза ауыз су тартуды мақсат еткен. Аудан әкімі серіктестік басшысымен арнайы кездесіп, жұмыс кезінде қарапайым халыққа қолайсыздықтар туындамауын қадағалауды тапсырды.

         Одан соң Әділ Тауфиқұлы фельдшерлік акушерлік пунктіге барып, мекеме меңгерушісі Эльмира Абуталиевамен кездесті. Фельдшерлік пункт 2013 жылы жөндеуден өткен. Бұл жерде тек басты мәселе- интернеттің әлсіздігі.

Әділет ОРЫНБАСАРОВ,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале