22.07.2025, 15:45
Оқылды: 449

Қаратөбеде «Ақ бидай» спартакиадасы басталды

Шілденің 22-сі күні аудан орталығындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінде «Ақ бидай» облыстық VIII ауыл спорты  ойындарының аудандық іріктеу кезеңінің ойындары басталды.

IMG_0667 (1)

Аталмыш спорттық ойындар спартакиадасының ашылу салтанатын аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан  құттықтау сөзімен ашып, спартакиадаға қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Сап түзеген командалар алдында аудандық мәдени-демалыс орталығың әншісі Сақтаған Мемлекет тамаша ән орындап, жарысқа қатысушыларға көтеріңкі көңіл сыйлады.

IMG_0663 (1)

Спартакиадаға ауданның Егіндікөл, Жусандыой, Аққозы, Саралжын, Сулыкөл, Ақтай-сай, Қаратөбе ауылдарының командалары қатысты. Жарыстың ережесімен «Қаратөбе» спорт клубының әдіскері Шоқан Аманжанов танысытырды.

IMG_0680 (1)

Денешынықтыру-сауықтыру кешені жанындағы футбол алаңында футбол ойыны басталды. Алғаш болып ойынды Аққозы және Сулыкөл ауылдарының командалары бастап, алғашқы есеп санын аққозылықтар ашты.

IMG_0671 (1)

Бүгін спартакиада бойынша асық ату, тоғызқұмалақ және футбол ойындары өтеді, келесі ойындар шілденің 25-інде жалғасады, - дейді  «Қаратөбе» спорт клубының директоры Бауыржан Шүрмен.

 

                                                                  Ерболат Райсов,

                                                               Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале