Дәл қазір Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев Бәйтерек ауданының тұрғындарымен кездесуде.
- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес орталық мемлекеттік орган басшылары тұрғындармен тұрақты кездесу өткізуде. Біздің министрліктің негізгі міндеттерінің бірі – азаматтық қоғам институттарын дамыту. Өңірде 642 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның ішінде белсенді жұмыс жасап тұрғаны 551. Жалпы өңірде 156 жоба іске асырылуда. Бұл республикада оң көрсеткіш болып есептеледі. Дегенмен биыл ҮЕҰ арасындағы конкурсқа тек 11 ұйымнан ғана өтініш түсті. Оны министрлік жанындағы арнайы орталық қарайды. Конкурс нәтижесінде үш ұйым жеңімпаз атанды. Бұл көрсеткіш осы салада қолдағы бар әлеуеті мен мүмкіндігін толық көрсетпейді. Ал көршілес Ақтөбе облысының бір ғана Ырғыз ауданынан төрт ұйым ұтып алды. Демек, Батыс Қазақстандағы жергілікті атқарушы органдар белсенділік танытуы қажет деп білеміз, - деді Серік Рахметоллаұлы өз баяндамасында.
Айта кетейік, вице-министр аудан тұрғындарын аудан әкімдігінде түстен кейін жеке қабылдайды.
Динара Насыр,
zhaikpress.kz