13.06.2017, 13:13
Оқылды: 58

Халал асхана салынбақ

Borli Halal ashana    Бөрлі ауданының мұсылмандар мешітінің ауласында 300 орындық халал асхана бой көтермек.

         Бұл жаңалық көпшілікті қуантты. Қасиетті он екі айдың сұлтаны болған Рамазан айында Омаровтар әулеті бұл игі істі қолға алмақ. Яғни тапсырушы «Бәйтерек» компаниясы болса, жергілікті мердігер «Ақсай Сәулет Сервис» ЖШС компаниясы жобалауда. Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Жаңабай Каналин сәттілік тілеп, жеке кәсіпкерге алғысын жеткізді.


    «Бірде Алматы облысының, Қаскелең ауданының мешітіне барған болатынбыз. Сонда мешіттің жанынан кәсіпкерлер асхана салған екен. Соны көріп, маған  да сондай бір ой келді. Оның үстіне Мейрамбек Ақылбекұлы да қолқа салып жүрген», - дейді Нұрбек Омаров.

    Ал ауданымыздың бас имамы Мейрамбек Абдрахмановтың айтуынша, ауданымызда асхананың салынуы мешіт жамағаты мен осы жердегі тұрғылықты халыққа қажет екен. Өйткені садақа рәсімдері, әртүрлі діни іс-шаралар, ауызашарлар жасауға, ораза айт пен құрбан айт кезінде өте тиімді әрі пайдалы. Асхана бес айдың ішінде салынып бітіп, халық игілігіне берілмек.

Аида ЕСЕНАМАНҚЫЗЫ

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале