25.07.2021, 10:04
Оқылды: 15

Халық сенімі жаңа әкімге үлкен жауапкершілік жүктейді

Бәйтерек ауданында әкімдерін сайлап жатқан округтердің бірі облыс орталығынан 45 шақырым жерде орналасқан Зеленый ауылы. Мың жарымға жуық тұрғыны бар ауылдың 974 азаматы сайлау құқына ие. Таң сәріден бастау алған саяси науқан ауылда қызу жүруде.

A0324BF9-6A6A-45E1-972E-B2D1BD07AC29

Өз дауысын беруге келген ағайынның дене қызуы тексеріліп, маскасы жоқтарға арнайы маскалар да таратылуда. Ауыл тұрғындары бұл таңдау округ болашағы үшін жасалып жатқандықтан сайлауға белсенді қатысуда.

019FEC68-4779-4848-B50B-DBEB5DD4389A

-Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкімдерді тікелей сайлау арқылы таңдау туралы шешімі дұрыс болды. Өйткені тұрғындардың сеніміне ие болған әкім алдында үлкен жауапкершілік бар екенін сезінеді. Жаңа сайланған әкім ауылдың мұң-мұқтажын білуі керек. Сондықтан барша ауылдастарымды сайлауға белсенді қатысуға шақырамын. Осы кезге дейін округте біраз жұмыс атқарылды. Өткен жылы ауылды аудан орталығымен қосатын жол жөнделді. Ескі мектеп күрделі жөндеуден өтті. Халық сенімі әкімге тек лауазым емес, үлкен аманат жүктейді. Сондықтан сайланатын ауылнай ел аманатын орындауға бел шеше кірісуі керек,-дейді Зеленый ауылдық округінің тұрғыны Зейнолла Тасмұхамбетов.

290749DC-920E-489A-8DFC-0CF45F62198B

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале