22.12.2023, 15:28
Оқылды: 36

Халықаралық архив күнімен құттықтады

Теректі ауданы әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров аудандық архив ұжымын мерекемен құттықтады.

image-22-12-23-01-03-1

Қалаубек Баубекұлы мекеме басшысы Гүлсая Жәңгірқызына Теректі ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанованың құттықтауын жеткізіп, естелік сыйлық табыс етті.

Атап өту керек, елімізде құжаттарды құнттайтын 200-ден аса архив бар, олар Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңына сай жұмыс істейді. Жалпы архивтік деректер адамзаттың саяси тарихы, экономикалық және әлеуметтік дамуының құжаттарын жинайтын негізгі мекеме саналады. Сондықтан Архивтер күні сала мамандарының кәсіби мерекесі ғана емес, жалпы халықтың назарын аудару үшін белгіленген атаулы дата.

 

Әділет ӘЛІБЕК,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале