Шыңғырлау ауданына халықаралық ұйымдардан екі байқаушы келді.
АҚШ елінен Damary Martin Roy Paul мен Швейцария елінің азаматшасы Mykytyn Renata Lidia өңірімізге ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ның миссиясымен келді.
Олар Амангелді ауылындағы №408 сайлау учаскесінде сайлаудың өту барысын қадағалап, комиссия төрағасына тиісті сұрақтарын қойды.
Сонымен қатар сайлаудың өту барысын бақылау үшін Шыңғырлау ауданындағы сайлау учаскелерінде 49 - кандидаттың сенім білдірген адамдары, 33 - саяси партияның бақылаушылары тіркелген.
Сайлау заң аясында өтіп жатыр, әзірге құқық бұзушылық тіркелмеді.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz