19.03.2023, 14:29
Оқылды: 55

Халықаралық байқаушы Шыңғырлауда

Шыңғырлау ауданына халықаралық ұйымдардан екі байқаушы келді.

IMG-20230319-WA0213

АҚШ елінен  Damary Martin Roy Paul мен Швейцария елінің азаматшасы Mykytyn Renata Lidia өңірімізге ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ның миссиясымен келді.

Олар Амангелді ауылындағы №408 сайлау учаскесінде сайлаудың өту барысын қадағалап, комиссия төрағасына тиісті сұрақтарын қойды.

Сонымен қатар сайлаудың өту барысын бақылау үшін Шыңғырлау ауданындағы сайлау учаскелерінде 49 - кандидаттың сенім білдірген адамдары, 33 - саяси партияның бақылаушылары  тіркелген.

Сайлау заң аясында өтіп жатыр, әзірге құқық бұзушылық тіркелмеді.

Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале