25.04.2023, 14:30
Оқылды: 11

Халықаралық марафонда топ жарды

Жуырда Алматыда халықаралық жартылай марафон ұйымдастырылған болатын. 29 мемлекет пен еліміздің түкпір-түкпірінен 7600-ден астам спортшы қатысқан халықаралық жарыста Баубек Ілиясов және Сұлтан Ахинбасов Казталов ауданының намысын қорғады.

InShot_20230425_132552064

Марафон 21, 10 шақырым қашықтықтарды жүгіріп өту, 10 шақырым қашықтықта скандинавиялық жүріс және 21.2 шақырымда командалық эстафета бағыттары бойынша өтті.
Жартылай марафон қорытындысына сәйкес 10 шақырым қашықтықта 18-24 жас аралығында сынға түскен жерлесіміз Сұлтан Ахинбасов тараздық Денис Степаненкоға есе жіберіп, қарағандылық Бекнұр Шекербекті басып озып, жүлделі ІІ орынға ие болды.

Ал 10 шақырым қашықтықта 25-29 жас аралығында марафоншылармен жарысып, қызылордалық Кельман Рақымжан мен алматылық Ержан Жанарыстановқа есе жіберген Баубек Ілиясовқа жарыстың қола жүлдесі бұйырды.

InShot_20230425_132616868

Спортшыларымыздың халықаралық додаға қатысуына Асхат Рамазанов демеушілік көрсеткен.
Айта кетейік, жерлесіміз Сұлтан Ахинбасовты Жетісу облысы жеңіл атлетика федерациясы өз құрамына қосты. Жерлесіміз алдағы уақытта республикалық спартакиадаға қатысуға ниетті. Егер жүлделі орынға ие болса 4 жыл көлемінде ай сайынғы еңбекақы төленеді.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале