22.08.2022, 17:15
Оқылды: 46

Халықаралық ұйымдар Бөкейорда резерватына қолдау көрсетті

Жуырда Казталов ауданына Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының және Ұлыбританияның Корольдік құстарды қорғау қоғамының (RSPB) өкілдері аудан басшылығымен кездесіп, «Бөкейорда» табиғи резерваты штабының жұмысымен танысқандығы жөнінде жазған болатынбыз.

FB_IMG_1661156103470

Аудан әкімінің орынбасары Ғаділбек Әлібековтың төрағалығымен өткен жиында аталған ұйымдардың резерватқа қаржылай қолдау көрсететіндігі жөнінде айтылып, талқыланған болатын. Бүгін де ұйымдар резерватты қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.

- 2022 жылдың қаңтарында Президент Әкімшілігі мен ҚР экология министрлігі резерват пен қорық құру үшін ҚБСА (Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы) және RSPB-мен бірлесе жұмыстануға ниет білдірді. 2022 жылғы маусымда үш ұйым арасында ынтымақтастық туралы әріптестік келісімге қол қойылып,  2022 жылдың шілдесінде ерекше қорғалатын аумақ ресми түрде жұмысын бастады. Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының және Ұлыбританияның Корольдік құстарды қорғау қоғамының (RSPB) қаржылық қолдауымен резерватқа 2 Toyota HILLUX маркалы және 1 Mitsubishi Pajero маркалы жол талғамайтын көліктер, 2 дана кәсіби метеостанция, 30 дана маусымдық шатырлар, 10 дана 2 қабатты ұйықтауға арналған жабдық, 29 дана радиостанция, 4 дана 13,8 V қуат көздерін, 140 метр коаксиальды кабель, 4 дана грозозарядник, 4 дана стационарлы антенна, 25 дана автомобильді антенна және 16 дана UHF қосқыштарын сыйға тартты, - деді  «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының директоры Ұлан Мамырбаев.

«Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының ауданы 343040,1 гектарды, «Ащыөзек» мемлекеттік табиғи қаумалының ауданы 314504,1 гектарды құрайды.

Қазіргі таңда резерват пен қаумалда 42 адам жұмыс істеп жатыр.

Асылбек Нәсіпқали,

 Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале