20.09.2023, 17:15
Оқылды: 49

Халыққа жамау емес, сапалы жол қажет – комиссия мүшелері

Болашақ ауылдық округінің орталығы мен Жаңатаң ауылындағы кіреберіс жолдардың жөндеу жұмыстарына бақылау жүргізген «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы мүшелері мердігерге осындай талап қойды.

A9B804BA-5FA0-4CC0-8DE1-D0DC51D1BDFF

Болашақ ауылына кіреберіс 0-1 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 85,4 млн теңге қаржы бөлінген. Жобаның мердігері болып «ЖайықЖолҚұрылыс» ЖШС анықталған.

Мерзімі екі айға жоспарланған жол жөндеу жұмыстарындағы тегістеу аяқталып, қажетті ПГС, шебень жеткізілген.

ЖП Жол

Болашақ ауылдық округі әкімі міндетін уақытша атқарушы Аслан Ерешовтың сөзіне сүйенсек, мердігер жұмысты уақытында аяқтайды-мыс.

Ал Жаңатаң ауылына кіреберіс 0-8,8 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеу жұмыстарының қарқыны әлі де баяу. Құны 580,5 млн теңгені құрайтын жол жөндеу жұмысына қатысты аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарыбөлімі ұсынған мәліметте:

«Бүгінгі күнге жолды тегістеу жұмыстары толық аяқталды. Қиыршық тастөсеу арқылы жолдың төменгі негізін дайындау жұмыстары аяқталуда. Дегенмен өндірістік жұмыстар кестесінен кешігуіне байланысты бөлім тарапынан ауданаралық экономикалық сотынаарыз-шағым жолданды. Құрылыс материалдарын және сапасын бақылау үшін техникалық қадағалаушы  және «Ұлттық жол активтері сапасы» АҚ БҚО филиалымен келісімшарт жасалды», делінген.

103A3B60-64F4-4D2C-AE96-74C6266D7661

«AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы жүргізген партиялық бақылау жұмыстары барысында да кемшіліктер байқалды. Мердігерге жолдың тегіс еместігі дәлелді түрде көрсетіліп, сапаға мән беру қажеттігі ескертілді.

– Ауданымыздағы бірқатар ауылдарда жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесін көріп отырмыз. Кепілдік мерзімі бар деген желеумен айнадай жолды тапсырғанымен, кейін жолдың сапасыз жасалған жөндеу жұмыстарының нәтижесінде ойықтар пайда болып, жамауға тура келеді. Бір кемшілік байқалған жолда кепілдік мерзімінің ішінде де, одан кейін де олқылықтар бола береді. Халыққа жамау жол емес, сапалы, тегіс жол қажет. Сіздердің тарапты да тыңдап отырмыз. Жобаны ұтқаннан соң жауапкершілікпен жұмысты аяқтау қажет. Құрылысқа сылтау қажет емес, - деді партиялық бақылау комиссиясының мүшелері.

6C61DA8C-9756-4538-945B-F6536546C200

Мердігер «Табын 2007» ЖШС өкілдері жол жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталады деп сендірді. Мерзімінен бұрын аяқталады деп бөрігімізді аспанға лақтырғанымызбен, сапасыз жолды қабылдап сан соғып қалмасақ игі. Тапсырыс беруші де, мердігер де атқарылып жатқан жұмысқа жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Асылбек Нәсіпқалиұлы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале