17.09.2024, 12:45
Оқылды: 175

Халықтық штаб мүшелері ақбұлақтықтармен кездесті

Елімізде АЭС салуды қолдау жөніндегі Шыңғырлау аудандық штабының мүшелері Азамат Тағаниязов, Сағынғали Имашев және Нұрлыбек Қайыржанов Ақбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

6336F4EE-CC81-4F45-A62E-A046A583AF07

Кездесу барысында штаб мүшелері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы талқылап, шараға қатысушылармен сұрақ-жауап алмасты. 

Сонымен қатар Азамат Тағаниязов және Нұрлыбек Қайыржанов Мемлекет басшысының жалпыхалықтық референдум өткізу бастамасын қолдап, шараның маңыздылығына тоқталды. 

«Атом электр станциясының құрылысы Қазақстан экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Нақтыласақ, энергетикалық және өнеркәсіптік өндірісті дамытуға ықпал етеді, заманауи технологияларды енгізіп, қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарындыларын азайту арқылы экологиялық жүктемені азайтады. Айта кетейік, атом электр стансасы 60 жылдан астам уақыт бойы тұрақты энергиямен қамтамасыз етеді», - деді штаб мүшесі Сағынғали Имашев.

Кездесу соңында жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының бастамасын қолдайтынын жеткізіп, үгіт-насихат тобының жұмысына сәттілік тіледі.    

Гүлназ Мұхан                                     

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале