19.09.2024, 18:00
Оқылды: 67

Халықтық штаб мүшелері Көпжасар ауылының тұрғындарымен кездесті

Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Жаңақала ауданындағы халықтық штаб мүшелері Көпжасар ауылына ат басын тіреді. Жиынға ауыл тұрғындары, БПҰ мүшелері, «Көпжасар» бөбекжай ұжымы қатысып, пікірлерін ортаға салды.

C921D67D-BB50-4C3B-8599-C63005BB37EB

Кездесу барысында штаб мүшелері Қуаныш Шарафутдин, Гариб Асханбаев қазірдің өзінде энергия тапшылығы еліміздің оңтүстік аймақтарында байқалатынын, аталған өңірлердегі электр қуаты тапшылығын тілге тиек етті.

Сонымен қатар АЭС-тің салынуы бірнеше жұмыс орнының ашылуын қамтамасыз етіп, еңбек нарығына айтарлықтай әсерін тигізетінін айтты.

Аруғаным Қазиева
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале