Бүгін Жаңақала ауданының Жаңажол ауылдық окургіне қарасты кіші Айдархан және Сарыкөл елді мекендерінде атом энергетикасын салу жайында ақпараттық-түсініктеме жұмысы жүргізілді.
Кездесуге халықтық штаб өкілдері Қуаныш Шарафутдин және аудандық мәслихат депутаты Дәурен Жағыпаров қатысты. Әрі қарай шарада алдағы уақытта энергия тапшылығын алдын алу және оған тәуелділікті жою үшін АЭС салу жобасын іске асыру қоғамда екіұдай пікір тудырып жатқаны айтылып, тұрғындармен бірге талқыланды.
Қазіргі таңда барлық мемлекеттер үшін тұрақты және қауіпсіз энергиямен қамтамасыз ету стратегиялық мәселе саналады.
Шара барысында штаб мүшелері сарапшы мамандардың пікіріне сүйене отырып, атом энергетика стансасының пайдалы тұстарына тоқтала кетті. Сонымен қоса республикалық референдумға бейжай қарамауға үндеп, болашақ ұрпақтың қамы үшін өз таңдауларын жасауға шақырды.
Фариза Эдикқызы
Жаңақала ауданы