19.09.2024, 15:30
Оқылды: 73

«Халықтың дұрыс таңдау жасауы маңызды» – референдум

2EE1286A-2E20-4412-850B-E81E66E90E2A

Ел Президенті АЭС салу мәселесі қоғамда бір жылдан бері талқыланып жатқанын айтып, «бұл азаматтардың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім» деген болатын. «Күн өткен сайын эканомикамызға мол энергия қажет болып жатыр. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады», - деді Мемлекет басшысы.

Тарқатсақ, 6 қазанда өтетін референдум тек АЭС салу немесе салмау мәселесін ғана шешпейді. Сонымен қатар Мемлекет басшысының реформаларды алға жылжытудағы маңызды қадамы ретінде де мәнге ие. Халық пен билік арасындағы диалог елдегі саяси институттарды нығайтуға және болашақта маңызды шешімдерді ортақ мәмілеге келу арқылы шешудің өнімді тәжірибесін ұсынады. Сол себепті референдумның маңызы зор және оның ел болашағына әсері мол.

Референдумда халықтың дұрыс таңдау жасауы маңызды. Қоғамдық талқылаулардан көргеніміздей, АЭС-ті қолдаушылар да, оған қарсылар да бар. Бұл қоғамның заңды құбылысы және әр адам өз саяси таңдауын жасауға құқығы бар.

Мейрамгүл Одесеева

Жәнібек аудандық мансап орталығының кеңесшісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале