26.05.2017, 15:19
Оқылды: 54

Халықтың ұсыныс-пікірі ескеріледі

Мәжіліс депутаттары жұмыс сапарын Бөрлі ауданының Березов, Бестау елді мекендерінің тұрғындарына  арналып, Ақсай қаласынан салынған 100 тұрғын үйдің құрылысымен танысуға барды.


«Марасант» ЖШС мен «Строительная инициатива» ЖШС-ның жауапкершілігімен  салынып жатқан тұрғын үй құрылысының жалпы құны 2,2 млрд. теңгені құрайды. Құрылыс нысаны биыл пайдалануға берілмек. Депутаттар тұрғын үйлердің құрылыс сапасына оң бағасын беріп, Бөрлі ауылындағы су құбырын қайта құру жұмыстарын көруге аттанды.

«KazConstructiоnGroup» ЖШС-ның жауапкершілігімен салынып жатқан бұл нысан толықтай аяқталған жағдайда 4367 тұрғын  таза ауыз сумен қамтылатын болады. Жобаның жалпы құны 493,8 млн. теңгені құрайды. Құрылыс нысаны осы жылдың күзінде аяқталмақ. Қазіргі уақытта құбырлар орнатылуда. Мұнда ауыл тұрғындарымен кездескен депутаттар тұрғындардың әлеуметтік мәселелер жөніндегі  сауалдарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

- Егер осы бағыттағы заңдарды жетілдіру қажет болса, халықтың ұсыныс-пікірлеріне сәйкес қарастырамыз. Көшпелі отырысымыздың ең басты мақсаты - халықтың әл-ауқатын арттырып, өңірлерді дамыту болмақ, - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов сапар барысында журналистерге берген сұхбатында.

                                                                 Гүлсезім  БИЯШЕВА,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале