Хан ордасы – Бөкей ордасы ауданының жауһары. Келімді-кетімді қонағы үзілмейтін іргелі ауыл. Туристтер көз тіккен ауылда қонақ күтерлік заманауи орынның жоқтығы әттегенайымыздың бірі еді. Кеше осы бір олқылықтың орнын толтырарлық жаңалық болды. Қасиетті жұма күні Хан Ордасы ауылында "Ләззат" атты кафе-асханасы пайдалануға берілді.
Заманауи тұрғыдан әдемі де, ыңғайлы жасақталған нысанды іске қосып отырған ерлі-зайыпты кәсіпкерлер Талғат, Ұлжан Ғазезовтар. Кафе-асхана соңғы үлгіде дәстүрлі, ұлттық нақыштарды үлестіре отырып безендіріліп, жиһаздармен жабдықталған.
Ғимарат 112 орындық асханадан, 16 кісілік қонақ бөлмесі, 16 кісілік караоке бөлмесіне лайықталып салынған.
Нысанның ашылу салтанатына қатысқан ауылдастар кәсіп иелеріне игі тілегін білдіріп, ақсақалдарымыз баталарын берді.
Өз кезегінде кәсіп иелері Талғат, Ұлжан Ғазезовтар қуанышын бөлісуге келген жандарға ризашылығын білдіріп, тұтынушыларға сапалы қызмет көрсету, бастаған ісін әрмен қарай дамыту үшін бар күш-жігерін салатынын жеткізді.
Кафе ауыл тұрғындары мен қонақтарына кен ассортиментті тағам түрлерін, қоғамдық тамақтану және банкеттік іс-шаралар қызметін ұсынбақ.
Ұлпан Жакина,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz