5.10.2022, 11:15
Оқылды: 41

Хан зираты қоршалды

Теректі ауданы Шағатай ауылдық округі аймағындағы Айшуақ хан мен Жантөре ханның зиратына қоршау орнатылды. Қоршауды орнату бастамасын «Атамекен» туризм орталығының басшысы Айболат Құрымбаев өзінің жеке әлеуметтік парақшасында көтерген болатын. Сол игі бастама халық арасынан қолдау тауып, шағатайлықтармен бірге хандардың басына құлпытас орнатылды.

IMG-20221004-WA0099

-Жалпы жұмыс 2015 жылы басталды.

Осыдан жеті жыл бұрын табылған бейіт басын журналист Қазыбек Құттымұратұлы екеуміз іздеп таптық. Маусым айында табылып, Сүлейменов институтының ғалымдары келіп зерттеп, Жантөре хан екенін анықтап берді.

IMG-20221004-WA0100

Құлпытас араб әліпбиімен шағатай тілінде жазылған. Оны көбі оқи алмайды, сондықтан беймәлім болып жүрді. Ауыл тұрғындары бұл зиратты «Хан зираты» деп атайды.

Осындай зираттарға құлпытас қоюды мақсат еттік, қазіргі күні Ақжайық ауданында Есім хан ғана қалды. Болашақта оған да қоюды жоспарлап отырмыз.

IMG-20221004-WA0120

Астана қаласында азаматтық бастамаларды қолдау қоры бар, оның ішінде «Асыл мұра» деп аталатын бөлімі бар. Соларға хандардың зиратын қоршау жайлы жобамызды жібердік, олар жобаны құптап, грант бөлді. Соның есебінен қоршау орнатылды,— дейді облыстық туризм орталығының басшысы Айболат Шамұратұлы.

IMG-20221004-WA0102

 Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале