12.03.2026, 0:00
Оқылды: 6

Хандық тойына арналған конференция өтті

Бүгін «Достық» үйінде «Бөкей хандығы тарих таразысында» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.

Аудан әкімі Нұрлыбек Даумов сөз алып, бүгінгі ғылыми-тәжірибелік конференцияның маңызы зор екенін айтып, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

IMG-20260311-WA0188
Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің профессоры Майра Сарыбаеваның Алматыдан арнайы келіп, конференцияға қатысқанын айта кеткеніміз жөн. Майра Шорақызы ата қонысы, ата тегі туралы айтып, музей-қорық қорына кітаптарын табыстады.

IMG-20260311-WA0178
Конференцияда академик Тұяқбай Рысбеков бастаған Жәнібек Исмурзин, З.Шарафутдинов, Е.Хайдаров, Б.Боранбаева, Г.Елемесова сияқты тарихшы- өлкетанушыларымыз Бөкей хандығына, Бөкей сұлтан мен Жәңгір ханға, қуғын көрген хан ұрпақтарына қатысты баяндама жасады.

IMG-20260311-WA0223

Кәсіби журналист, өлкетанушы Қазбек Құттымұратұлының Бөкей ордасынан бастау алған өркениет, атап айтқанда газет ісі туралы баяндамасы, Айболат Құрымбаевтың Қамареддин қазірет туралы баяндамасы көптің құмартып тыңдаған баяндамасы болды.

IMG-20260311-WA0231
Конференция соңында аудан басшысы спикерлерге алғысхат табыстады.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы
Суретке түсірген Әділет Абдиров

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале