1.09.2023, 21:49
Оқылды: 53

Ханордалық шәкірттер мектептеріне оралды 

Бүгінгі білім күні – Бөкей ордасына қарасты Хан орд­асы ауылындағы Жәңгір хан мектебінің шәк­ірттері үшін ерекше қуанышты күн. Соңғы үш жылда мект­еп күрделі жөндеуге жабылып, құрылыс жұм­ысы қарқын алмай, қи­ындық туындап еді.​ Жөндеу жұмысы аяқталып, хан­ордалық шәкірттер жа­ңа оқу жылын өздерін­ің қара шаңырақтарын­да бастады.

IMG-20230901-WA0118

- Биылғы оқу жылын 502 оқушымен​ бастап отырмыз. Бірінші сыныпқа 50 жеткіншек қабылданды. Педагог­икалық ұжымда 87 ұст­аз бар. Мұғалімдер қатары екі бірдей​ жас маманмен толықты. Мектебіміз ғана жөн­деуден өтіп, жаңарған жоқ. Сонымен бірге пәндік кабинеттер жасақталып, заманауи жиһаз, құрылғылармен жасақталды. Шәкіртт­еріміз кезекті оқу жылын​ жарық, әрі жы­лы мектептерінде​ бастағандарына шексіз қуанышты, - дейді ме­ктеп директоры Нысан­бек Шарафутдинов.

IMG-20230901-WA0121

Айтулы күнде аудан басшысы Нұрлыбек Дау­мов пен Бөкей ордасы аудандық біл­ім беру бөлімінің ба­сшысы Бисенбек Насим­оллин де ханордалық ағайынның қуанышымен бөлісіп, орталарынан табылды.

Естеріңізге сала ке­тсек, мектепке жөндеу жүргізген қызылорд­алық "НұрТехСервис"​ ЖШС.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале