31.12.2022, 15:27
Оқылды: 38

Хугаевтың "Қара шекпені"-Бөкей сахнасында

Бүгін Бөкей театры Г.Хугаевтың "Қара шекпен" қойылымын сахналады. Бөкей елінің қос бірдей тумасы Самал Әбуов пен Әсемгүл Төлепберген көптен бері сахнадан қол үзіп кеткен халық театрының жұмысына "қан" жүгіртіп, туған жеріне жаңажылдық тамаша тарту жасады.

те
Еліміздің көптеген театрларының репертуарында жүрген "Қара шекпенді" ауылымыздың Бекзат өнерге бейім жастары сахналады. Көпшілік қауым мәдениет саласының басшысы Жоламан Сисенғалиевті, талай талапты шәкіртті өнерге баулаған ұстаздар Саида Ажғалиева мен Жасмина Бисенбаеваны, мәдениет үйінің қызметкерлері Ерболат Ахметов, Миллат Насыровты, Сұлушаш Ғұбашеватарды, мұғалім әрі аудандық мәслихат депутаты Райымбек Құрманғазиевті жаңа қырынан таныды. "Қарр!" деп эпизодтық рөлдің өзін әдемі алып шыққан Бекзат Мұхтаров та көрермен көзайымы болды. Бұған дейін де мәдени шараларды тізгіндеп жүрген Алтынбек Айғалиев бұл жолы басты рөл Тұзарды сондай өнердің өз адамы екенін, өңдей білетін зергері тап болса, жақұттай жарқырайын деп тұрған талант екенін көрсетті.
Сәуле Сүндетова жетекшілік ететін Үлгілі "Орда гүлдері" би ансамблінің жас бишілері де билерімен қойылымға сән берді.

театр
Қойылым соңынан сахнаға көтерілген аудан әкімі Нұрлыбек Даумов:
- Театр - тәрбиенің тал бесігі. Әр қойылымымен көрерменіне өрелі ой айтатын театр жұмысына қолдау көрсетуге әзірміз, - деп, Оралдан арнайы келіп, аудан тұрғындарына рухани азық, тамаша кеш сыйлаған Самал Әбуов пен Әсемгүл Төлепбергенге, жарықпен көркемдеуші Әділжан Байшашақовқа, аудандық театрының ұжымына алғысын білдіріп, алғысхат табыстады.

тет
Көрермен қауым да алғысын білдіруден қалыс қалмады. Ардагер ұстаз Сәрсенбай Қуаншалиев, дәрігер Ағайша Хаировалар көпшілік атынан ризашылықтарын білдірді.

Ұлпан Әнуарқызы,
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале