Бәйтерек ауданына қарасты Янайкин ауылындағы Т.Бигелдинов мектебінде дәстүрге айналған «Сәтті кездесу» бағдарламасы өтті. Кештің кезекті қонақтары - ҚР мәдениет саласының үздігі, айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының мүшесі, «Қадыр Мырза Әлі» төсбелгісінің иегері Айнабек Бисенғалиев және айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының мүшесі, ақын, сазгер, эстрада жұлдыздарының орындауындағы хит әндердің авторы Орынбек Меңдіқұл.
Мақсаты – оқушыларға ауыз әдебиетінің ежелден қалыптасқан поэзиялық жанры айтыс өнерін насихаттау. Сондай-ақ өңірімізге танымал айтыскер ақындардың шығармашылығымен таныстыру болған керемет кеш жоғары деңгейде өтті. Шара аясында мектеп өнерпаздары да өз өнерлерін паш етті. Орынбек Мендіқұлдың сөзі мен әніне жазылған «Ана» әнін Нұржігіт Гиссатдин мен Омар Ғазиз нақышына келтіре орындады. Кейін оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын ақындарға жолдады.
Кеш соңында сөз алған мектеп директоры Жасталап Сабыров келген қонақтарға алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тілеп, алғысхаттар мен «Сәтті кездесу» естелік сыйлығын табыстады.
Салтанат Шоқанқызы
Бәйтерек ауданы