4.06.2021, 12:24
Оқылды: 104

«Заманауи кітапханашы: 5D. Қайта жүктеу» атты тимбилдинг өтті

Хамза Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Балалар және жасөспірімдер оқуын қолдау жылына орай «Еуразия» туристік-сауықтыру кешенінде облыстағы жас кітапхана қызметкерлеріне арналған «Заманауи кітапханашы: 5D. Қайта жүктеу» атты облыстық тимбилдинг ұйымдастырылып, оған облыстық, аудандық, ауылдық балалар мен қала кітапханаларының жас мамандары қатысты.

ттт

Цифрлық технология заманында оқырманға жол сілтеу бағытында жас мамандар креативті жасақталған жетістіктері туралы мағлұматтарды қамтитын қысқа бейнероликтер ұсынды. Жаңа буын кітапханаларының қызметтері: «Инновациялар және практикалық мүмкіндіктер» тақырыбындағы библиокашингте тренерлер тимбилдингке қатысушылардың қарым-қатынастарын жақсартуға, ұжымның жұмыс тиімділігін арттыруға көмектесетін түрлі ойын-тренингтер, батл, блиц-турнирлер өткізді. Содан соң оқырмандарды кітап оқуға насихаттайтын креативті, заманауи түрде жинақталған, қазіргі кезде өзекті, әлеуметтік желілерге жүктелетін, нақты, кәсіби талғаммен құрастырылған әлеуметтік бейнероликтерін және балалар және жасөспірімдер оқуын қолдау бағытында қолға алынған кітапханалық жобаларын ұсынды. Шара соңында әлеуметтік-психологиялық тренингтер ұйымдастырылды.

Тимбилдинг Балалар және жасөспірімдер оқуын қолдау жылына орай кітапхана қызметінің креативті жаңа түрлерін ұсыну, жас мамандардың біртұтас команда моделін қалыптастыру, топта жағымды әлеуметтік-психологиялық климат құру мақсатын көздеді.

 

Абылай Қалимоллаев,

Оян ауылдық кітапханасының меңгерушісі

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале