8.09.2025, 16:48
Оқылды: 345

Заманауи технологияны меңгеру керек

Президент Жолдауында айтылған медицина мен фармацевтиканы дамыту бастамалары – елдің денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтеретін стратегиялық шешімдер.

WhatsApp Image 2025-09-08 at 17.45.50

Президентіміз атап өткендей, жасанды интеллектті медицинаға енгізу – халық денсаулығын жақсартудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Диагностиканы жеделдету, ауруларды ерте кезеңде анықтау, деректерді талдау арқылы дұрыс шешім қабылдау – бұл дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, емнің тиімділігін арттырады.

– Дәрігерлер үшін жасанды интеллект – қосымша көмекші құрал. Ол үлкен деректерді талдап, аурудың ерте белгілерін таба алады. Бұл әсіресе онкология, жүрек-қан тамыр аурулары, сирек кездесетін дерттерді анықтауда аса маңызды. Алайда, технология дәрігердің орнына жұмыс істемейді, тек шешім қабылдауға көмектеседі. Сондықтан медициналық этика мен жауапкершілік адам маманның қолында қалады. Дәрігер ретінде айтарым, заманауи технологияларды пайдалану науқастарға сапалы қызмет көрсетуге, медициналық қателіктерді азайтуға, ал ең бастысы – адам өмірін сақтап қалуға ықпал етеді. Сонымен қатар "цифрлық егемендік" мәселесіне мән беру денсаулық саласындағы жеке мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса қажет. Медицина қызметкерлері Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдай отырып, жасанды интеллект дәуірінде халықтың денсаулығын қорғауды басты мақсатымыз деп санаймыз", - дейді Асылхан Шакизадаев, Казталов аудандық №2 аурухана директорының орынбасары.

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале