БҚО бойынша КАЖД №1Бәйтерек аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 1998 жылғы «В» есімді азаматша бас бостандығын шектеу жазасының өтеу шарттары мен талаптарын сақтамай, бұзуға жол берген.
Пробация қызметкерлерінің ескертуін елемей, сот шешіміне құрмет танытпағандықтан ісі сотқа жолданды. Жуырда аудандық сот жүктелген міндеттерді бұзғаны үшін, №1 Бәйтерек аудандық Пробация қызметі жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы қаулы шығарып, оны 8 ай 20 күнге бас бостандығынан айырды.
Аудандық №1 пробация қызметкерлерінің айтуынша, азаматша «В» осы күні темір тордың ар жағына тоғытылыпты.
Арал Болпышұлы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz