4.11.2021, 9:16
Оқылды: 60

Заң бұзғанның жазасы біреу

БҚО бойынша КАЖД №1Бәйтерек аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 1998 жылғы  «В» есімді азаматша бас бостандығын шектеу жазасының өтеу шарттары мен талаптарын сақтамай, бұзуға жол берген.

1

Пробация қызметкерлерінің ескертуін елемей, сот шешіміне құрмет танытпағандықтан ісі сотқа жолданды. Жуырда аудандық сот жүктелген міндеттерді бұзғаны үшін, №1 Бәйтерек аудандық Пробация қызметі жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы  қаулы шығарып, оны 8  ай 20 күнге бас бостандығынан айырды.

Аудандық №1 пробация қызметкерлерінің айтуынша, азаматша «В» осы күні темір тордың ар жағына тоғытылыпты.

Арал Болпышұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале