Шыңғырлау аудандық прокуратурасы, аудан әкімдігі және полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Заң керуені» акциясы өтті.
Халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін көтеру, заңдарды түсіндіру мақсаты көзделген акцияға аудан прокуроры Серік Орынғалиев, аудан әкімінің орынбасары Дархан Абдрашитов және құқық қорғау органдарының, мекемелер мен дербес бөлім басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.
Жиынды аудан прокуроры Серік Орынғалиев ашып, шараның басты мақсатына тоқталса, аудан әкімінің орынбасары Дархан Абдрашитов аудан көлемінде тұрғындардан жиі көтерілетін маңызды мәселелерді айта отырып, әр сала бойынша толық жауап берілетінін жеткізді.
Жиында Шыңғырлау ауылымен шекаралас орналасқан Ресей Федерациясының Леневка ауылында шекаралық өткізу постын ашу, қоқыс жинау жәшіктерінің орналасу орындары, қыс мезгілінде ауыз судың жиі қатып қалуы секілді көтерілген мәселелердің шешімі айтылса, қалған тұрғындар өз сұрақтарына тиісті мекеме басшысына жеке жолығып, толық жауап алды.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz