Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ата Заңымызға түзетулер енгізу бойынша жалпыхалықтық референдум өткізуді ұсынған болатын. Осыған орай 5 маусым күні елімізде республикалық референдум өтеді.
Референдумға байланысты заң өкілдерімен Конституциямызға енгізілмек өзгерістер аясында басқосу өтті.
Кездесуде сөз сөйлеген Қаратөбе аудандық соттың төрағасы Мереке Шүкіров пен аудан прокуроры Алмас Таспихов референдум өткізу кезінде заңдық тұрғыдан ескерілуі тиісті мәселелер жайында қарапайым тілмен түсініктер берді. Еркін форматта өткен шараға жастардың белсенді өкілдері мен кітапхана қызметкерлері қатысты.
Адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына кепілдік беретін құжат ол – Ата Заңымыз. Жиынға қатысушылар заң саласының өкілдеріне адам құқықтарының қорғалуы бойынша бірқатар сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды.
Серікбай Хасанов,
Қаратөбе ауданы
zhaikpress.kz