29.03.2021, 18:11
Оқылды: 272

Зейнет жасына шығуымен құттықтады

Саналы ғұмырын ауыл шаруашылық саласына арнаған Замир Сүйеуұлын Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары Азамат Тәңірбергенұлы зейнет жасына шығуымен құттықтады.

5357BDEF-A13C-4140-B6D0-A4266D1DF200

Замир Игильманов 1978-1984 жылдар аралығында Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын «Агрономия» мамандығы бойынша тәмамдаған. Зейнет жасына дейін бірнеше жұмыс орнында адал қызмет атқарып, жеріміздің дамуына, экологиясына өз үлесін қосқан Замир Сүйеуұлына А.Бисембаев шапан жауып, атқарған қызметі үшін аудан әкімі Ә.Мұханбетжанованың атынан алғысхат табыстады.

7EA2A4D9-6DA2-4FC7-B112-CBD4C4A50BB9

Замир Сүйеуұлын әріптестері қызметіне тиянақты, алғыр қызметкер ретінде, жақындары сабырлы, ашық мінезді, қарапайым жан ретінде біледі. Кездесу барысында келелі ғұмырын елінің даму жолына арнаған азаматқа ақ тілектер айтылып, жылы лебіздер ақтарылды.

 Айбарша Лекерова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале