Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова ұзақ жылдар бойы ауданда қызмет еткен Күнсұлу Стамқұлованы зейнетке шығуымен құттықтады.
- Сізді құрметті зейнет демалысына шығуыңызбен құттықтаймын. Сондай-ақ сіздің ауданымызда жасаған еңбегініз үшін алғысымды білдіремін. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін,- деп естелік сыйлығын табыстады аудан басшысы.
Айта кетейік, Күнсұлу Зайдоллақызы Теректі аудандық прокуратурасында 1985 жылы бас маман болып бастаған. Жалпы бұл саладағы еңбек өтілі отыз сегіз жылды құрайды.
Қабылдауға аудан прокуроры Қ.Мұстафин мен БҚО прокурорының аға көмекшісі Ж. Иманғалиева қатысып, облыс прокуроры Серік Шалабаевтың атынан алғысхат табыс етті.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz