13.10.2023, 18:58
Оқылды: 282

Зейнеткерлікке шығуымен құттықтады 

Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова ұзақ жылдар бойы ауданда қызмет еткен Күнсұлу Стамқұлованы зейнетке шығуымен құттықтады.

IMG-20231013-WA0079

- Сізді құрметті зейнет демалысына шығуыңызбен құттықтаймын. Сондай-ақ сіздің ауданымызда жасаған еңбегініз үшін алғысымды білдіремін. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін,- деп  естелік сыйлығын табыстады аудан басшысы.

Айта кетейік, Күнсұлу Зайдоллақызы Теректі аудандық прокуратурасында  1985 жылы бас маман болып бастаған. Жалпы бұл саладағы еңбек өтілі  отыз сегіз жылды құрайды.

IMG-20231013-WA0073

Қабылдауға аудан прокуроры Қ.Мұстафин мен БҚО прокурорының аға көмекшісі Ж. Иманғалиева  қатысып, облыс прокуроры Серік Шалабаевтың  атынан алғысхат табыс етті.

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале